Интанорм в суспензии — инструкция по применению

Инструкция по применению интанорма в суспензии, описание действия препарата, показания к применению суспензии интанорма, взаимодействие с другими лекарствами, применение интанорма (суспензия) при беременности. Инструкции: Интанорм в таблетках;
Торговое название: Интанорм
Международное название: Домперидон
Лекарственная форма: Суспензия 1 мг/мл, 30 мл
Показания к применению:
Атс классификация:
A Средства, влияющие на пищеварительную систему и метаболизм
A03 Средства, применяемые при функциональных желудочно-кишечных расстройствах
A03F Стимуляторы перистальтики (пропульсанты)
A03F A Стимуляторы перистальтики
Фарм. группа:
Препараты для лечения функциональных расстройств кишечника. Стимуляторы моторики ЖКТ. Домперидон. Код АТХ А03FA03
Условия хранения:
Хранить в сухом, защищенном от света месте, при температуре не выше 30ºС. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. После вскрытия флакона срок хранения 15 дней. Не применять препарат после истечения срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание: Суспензия красновато-розового цвета.

Состав интанорма в суспензии

Один мл раствора содержит
Бір мл ерітіндінің құрамында

Активное вещество интанорма

домперидона 1,00 мг
домперидон 1,00 мг

Вспомогательные вещества в интанорме

сахароза, сорбитол жидкий некристаллизируемый 70%, натрия метилпарагидроксибензоат, натрия пропилпарагидроксибензоат, натрия кроскармеллоза, натрия цитрат, кислота лимонная безводная, Понсо 4R (Е-124), эссенция апельсиновая, вода очищенная
сахароза, кристалданбайтын сұйық сорбитол 70%, натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий кроскармеллозасы, натрий цитраты, сусыз лимон қышқылы, Понсо 4R (Е-124), апельсин эссенциясы, тазартылған су

Показания к применению суспензии интанорма

  • тошнота и рвота функционального, органического, инфекционного происхождения, вызванные радиотерапией, лекарственной терапией или нарушением диеты
  • тошнота и рвота, вызванные агонистами допамина в случае их применения при болезни Паркинсона (такими как L-допа и бромокриптин)
  • синдром срыгивания, циклическая рвота, желудочно-пищеводный рефлюкс и другие нарушения моторики желудка у детей
  • шығу тегі функционалдық, органикалық, жұқпалық, сондай-ақ радиотерапиядан, дәрі-дәрмекпен емдеуден немесе емдәм бұзылуынан туындаған жүрек айнуы және құсуда
  • Паркинсон ауруы кезінде қолданғанда допаминнің агонистерімен (L-допа мен бромокриптин секілді) туындаған жүрек айнуы және құсуда
  • балалардағы құсып тастау синдромы, циклдік құсу, асқазан-ішектік рефлюкс және асқазан моторикасының басқа бұзылулары

Противопоказания интанорма в суспензии

  • повышенная чувствительность к компонентам препарата
  • желудочно-кишечное кровотечение, кишечная непроходимость или перфорация, при которых стимуляция двигательной функции желудка может быть опасна
  • пролактин-секретирующая опухоль гипофиза (пролактинома)
  • одновременный прием пероральных форм кетоконазола, эритромицина и других мощных ингибитров изофермента CYP3A4, вызывающих удлинение интервала QT, таких как флуконазол, вориконазол, кларитромицин, амиодарон и телитромицин
  • нарушение функции печени средней и тяжелой степени
  • беременность и период лактации
С осторожностью:
  • нарушения функции почек
  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • асқазан-ішектік қан кету, ішектің бітелуі немесе тесілу, осы жағдайларда асқазанның қимылдық функциясын стимуляциялау қауіпті болуы мүмкін
  • гипофиздің пролактин – секрециялайтын ісігі (пролактинома)
  • кетоконазол, эритромициннің ішу арқылы қабылданатын түрлерін және QT аралығының ұзаруын туындататын, флуконазол, вориконазол, кларитромицин, амиодарон және телитромицин секілді басқа да CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерін бір мезгілде қабылдау
  • бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежедегі бұзылуы
  • жүктілік және лактация кезеңі
Сақтықпен
  • бүйрек қызметінің бұзылуы

Побочные действия суспензии интанорма

По данным клинических исследований
Нежелательные реакции, наблюдавшиеся у ≥ 1% пациентов, принимавших Интанорм: депрессия, тревога, снижение или отсутствие либидо, головная боль, сонливость, акатизия, сухость в полости рта, диарея, сыпь, зуд, галакторея, гинекомастия, боль и чувствительность в области молочных желез, нарушения менструального цикла и аменорея, нарушение лактации, астения.

Нежелательные реакции, наблюдавшиеся у < 1% пациентов, принимавших Интанорм: гиперчувствительность, крапивница, набухание и выделения из молочных желез.

По данным спонтанных сообщений о нежелательных явлениях
Ниже перечисленные нежелательные эффекты классифицировали следующим образом: очень частые (≥ 10%), частые (≥ 1%, но < 10%), нечастые (≥ 0,1%, но < 1%), редкие (≥ 0,01%, но <0,1%) и очень редкие (< 0,01%), включая отдельные случаи.

Редко
  • желудочно-кишечные расстройства
  • повышение уровня пролактина в плазме крови, обусловленное тем, что гипофиз находится вне гематоэнцефалического барьера, в редких случаях эта гиперпролактинемия может стимулировать появление нейро-эндокринных явлений, таких как галакторея, гинекомастия и аменорея
Очень редко
  • анафилактические реакции, включая анафилактический шок, ангионевротический отек, аллергические реакции: крапивница, отек Квинке, зуд, сыпь
  • ажитация, нервозность (преимущественно у новорожденных и детей)
  • экстрапирамидные явления, судороги, сонливость, головная боль. Экстрапирамидные явления очень редко возникают у у новорожденных и детей и в единичных случаях у взрослых, они полностью обратимы и исчезают сразу после прекращения приема препарата.
  • удлинение интервала QTс, желудочковая аритмия*, внезапная коронарная смерть*
  • задержка мочи
  • преходящие спазмы кишечника
  • отклонения лабораторных показателей функции печени, повышение уровня пролактина крови
*В некоторых эпидемиологических исследованиях было показано, что применение домперидона может быть связано с повышением риска развития серьезных желудочковых аритмий или внезапной смерти. Риск возникновения данных явлений более вероятен у пациентов, принимающих препарат в суточной дозе более 30 мг. Рекомендовано применение домперидона в наименьшей эффективной дозе у детей.
Клиникалық зерттеу деректері бойынша
Интанорм қабылдаған емделушілердің ≥ 1%-ында байқалған жағымсыз реакциялар: депрессия, үрей, либидоның төмендеуі немесе болмауы, бас ауыруы, ұйқышылдық, акатизия, ауыз қуысының құрғауы, диарея, бөртпе, қышыну, галакторея, гинекомастия, сүт бездері аймағының ауыруы мен сезімталдығы, етеккір оралымының бұзылуы және аменорея, лактацияның бұзылуы, астения.

Интанорм қабылдаған емделушілердің < 1%-ында байқалған жағымсыз реакциялар: аса жоғары сезімталдық, есекжем, сүт бездерінің ісінуі және одан бөліністер.

Жағымысыз құбылыстар туралы шұғыл деректер бойынша
Төменде атап келтірілген жағымсыз әсерлер келесідегідей жіктеледі: өте жиі (≥ 10%), жиі (≥1%, бірақ < 10%), жиі емес (≥ 0,1%, бірақ < 1%), сирек (≥ 0,01%, бірақ <0,1%) және жекелеген жағдайларды қоса, өте сирек (<0,01%).

Сирек
  • асқазан-ішек бұзылулары
  • плазмадағы пролактин деңгейінің артуы, гипофиздің гематоэнцефалдық бөгеттен тыс орналасуына байланысты, осы гиперпролактинемия сирек жағдайларда галакторея, гинекомастия және аменорея секілді нейро-эндокриндік құбылыстардың пайда болуын көтермелеуі мүмкін
Өте сирек
  • анафилактикалық шокты қоса, анафилактикалық реакциялар, ангионевротикалық ісіну, аллергиялық реакциялар: есекжем, Квинке ісінуі, қышыну, бөртпе
  • ажитация, ашушаңдық (негізінен жаңа туғандар мен балалардарда)
  • экстрапирамидалық құбылыстар, құрысулар, ұйқышылдық, бас ауыруы - Экстрапирамидалық құбылыстар, құрысулар, бас ауыруы жаңа туған сәбилер мен балаларда өте сирек кездеседі, бірлі жарым ересектерде, олар толық қайтымды және препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін дереу жоғалады.
  • QTс аралығының ұзаруы, қарыншалық аритмия*, кенеттен болған коронарлық өлім*
  • несептің іркілуі
  • ішектің қайтымды түйілуі
  • бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің ауытқуы, қандағы пролактин деңгейінің жоғарылауы
*Кейбір эпидемиологиялық зерттеулерде көрсетілгендей, домперидонды қолдану күрделі қарыншалық аритмияның немесе кенеттен өлім жағдайының даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Аталған құбылыстардың пайда болу қаупінің мүмкіндігі препаратты 30 мг асатын тәуліктік дозада қабылдайтын емделушілерде жоғары. Домперидонды балаларда ең төмен тиімді дозада қолдану ұсынылады.

Особые указания к применению

При длительном применении препарата необходимо регулярное медицинское наблюдение.

Не следует назначать Интанорм совместно с антихолинергическими средствами, антацидными или антисекреторными средствами. При необходимости их сочетанного применения последние следует принимать после еды, а не до еды, когда принимается Интанорм.

Интанорм в редких случаях может вызывать неврологические побочные эффекты. Риск неврологических побочных эффектов у детей младшего возраста выше, так как метаболические функции и гематоэнцефалический барьер в первые месяцы жизни развиты не полностью.

В связи с этим следует очень точно рассчитывать дозу Интанорм для новорожденных, младенцев, детей старше 12 месяцев и детей раннего дошкольного возраста и строго придерживаться такой дозы. Неврологические нжелательные эффекты могут быть вызваны у детей передозировкой препарата, но необходимо принимать во внимание и другие возможные причины таких эффектов.

Суспензия Интанорм содержит сорбитол, поэтому ее не следует принимать пациентам с непереносимостью сорбитола.

Применение при заболеваниях печени
Учитывая высокую степень метаболизма домперидона в печени, следует с осторожностью назначать Интанорм больным с заболеваниями печени.

Применение при заболеваниях почек
У пациентов с тяжелой почечной недостаточностью (сывороточный креатинин > 6 мг /100 мл, т.е. > 0,6 ммоль/л) период полувыведения домперидона увеличивался с 7,4 до 20,8 часов, но концентрация препарата в плазме была ниже, чем у здоровых добровольцев. Так как очень небольшой процент препарата выводится почками в неизмененном виде, то коррекция разовой дозы у больных с почечной недостаточностью не требуется. Однако при повторном назначении частота приема должна быть снижена до одного или двух раз в сутки, а также может возникнуть необходимость снижения дозы препарата.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасным механизмами
Перпарат не оказывает или оказывает ничтожно малое воздействие на способность управлять автомобилем и работать с техникой.
Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда жүйелі медициналық қадағалау қажет.

Интанормды антихолинергиялық дәрілермен, антацидтік немесе антисекреторлық дәрілермен бірге тағайындамау керек. Оларды үйлестіріп қолдану қажет болса, соңғыларын Интанормды қабылдап жүрген кезде тамаққа дейін емес, тамақтан кейін қабылдау керек.

Интанорм сирек жағдайларда неврологиялық жағымсыз әсерлерді туғызуы мүмкін. Неврологиялық жағымсыз әсерлер қаупі кішкентай балаларда жоғары, өйткені өмірінің алғашқы айларында метаболизмдік функциялары мен гематоэнцефалдық бөгеті толық дамымайды.

Осыған байланысты Интанормның жаңа туған нәрестелерге, сәбилерге, 12 айдан асқан және мектепке дейінгі жастағы кішкентай балаларға арналған дозасын дәл есептеу және осындай дозасын қатаң сақтау керек. Неврологиялық жағымсыз әсерлер балаларда препараттың артық дозалануынан туындауы мүмкін, бірақ мұндай әсерлердің болуы мүмкін басқа себептерін де ескеру қажет.

Интанорм суспензиясының құрамында сорбитол бар, сондықтан оны сорбитолды көтере алмаушылығы бар емделушілер қабылдамауы керек.

Бауыр аурулары кезінде қолданылуы
Домперидонның бауырдағы метаболизмі дәрежесінің жоғарылығын ескере отырып, Интанормды бауыр аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.

Бүйрек аурулары кезінде қолданылуы
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде (сарысудағы креатинин > 6 мг /100 мл, яғни > 0,6 ммоль/л) домперидонның жартылай шығару кезеңі 7,4-тен 20,8 сағатқа дейін артқан, бірақ препараттың плазмадағы концентрациясы ден сау еріктілердегіге қарағанда төмен болған. Препараттың өте аз пайызы бүйрекпен өзгеріссіз күйде шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда бір реттік дозасын түзету қажет емес. Алайда қайталап тағайындаған кезде қабылдау жиілігі тәулігіне бір немесе екі есеге дейін төмендетілуі тиіс, сондай-ақ препараттың дозасын төмендету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлік басқару және техникамен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді немесе өте аз әсер етеді.

Дозировка и способ применения

1 мл = 25 капель. В одной капле содержитеся 0,4 мг препарата. Препарат назначают внутрь за 15-20 мин. до еды.

Взрослые и дети старше 12 лет и массой тела 35 кг и более: 10-20 мл 3-4 раза в сутки. Максимальная суточная доза – 80мл (80 мг).

Младенцы и дети до 12 лет: 0,25 – 0,5 мг на 1 кг массы тела 3-4 раза в сутки. Максимальная суточная доза домперидона – 2,4 мг/кг, но не более 80мл (80 мг).

Продолжительность лечения определяется врачом, но не более 28 дней.

Использование у пациентов с нарушениями функции почек
Коррекция разовой дозы у больных с почечной недостаточностью не требуется. Однако при повторном назначении частота приема должна быть снижена до одного или двух раз в сутки, а также может возникнуть необходимость снижения дозы препарата.

Использование у пациентов с нарушениями функции печени
Не применять препарат при нарушениях функции печени средней и тяжелой степени. При легких нарушениях функции печени корректировка дозы не требуется.
1 мл = 25 тамшы. Бір тамшыда 0,4 мг препарат бар. Препарат ішке тамаққа дейін 15-20 минут бұрын тағайындалады.

Ересектер мен 12 жастан асқан және денесінің салмағы 35 кг және одан жоғары балалар: тәулігіне 3-4 рет 10-20 мл. Ең жоғары тәуліктік доза – 80мл (80 мг).

Нәрестелер мен 12 жасқа дейінгі балалар: 1 кг дене салмағына 0,25 – 0,5 мг, тәулігіне 3-4 рет. Домперидонның ең жоғары тәуліктік дозасы – 2,4 мг/кг, бірақ 80мл-ден (80 мг) асырмай.

Емдеу ұзақтығы дәрігермен анықталады, бірақ 28 күннен асырмай.

Бүйрек функциясының бұзылуымен емделушілерде қолданылуы
Бүйрек жеткіліксіздігімен науқастарда бір реттік дозаны түзетудің қажеті жоқ. Әйтсе де қайталап тағайындағанда қабылдау жиілігі тәулігіне бір немесе екі ретке дейін төмендетілуі мүмкін, сондай-ақ препарат дозасын төмендетуге қажеттілік туындауы мүмкін.

Бауыр функциясының бұзылуымен емделушілерде қолданылуы
Препаратты бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежедегі бұзылуында қолдануға болмайды. Бауыр функциясының жеңіл бұзылуында дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Взаимодействие с лекарствами

При одновременном применении с опиоидными анальгетиками и антихолинергическими препаратами может снижаться действие Интанорма.

При одновременном применении Интанорма с антацидными и антисекреторными препаратами снижается биодоступность домперидона.

Основной путь метаболических превращений домперидона осуществляется посредством CYP3A4. На основании исследований in vitro можно предположить, что при одновременном приеме Интанорма с лекарственными средствами, значительно ингибирующими этот фермент, может наблюдаться повышение уровня домперидона в плазме крови. К числу сильных ингибиторов CYP3A4 относятся: азольные противогрибковые препараты, такие как флуконазол*, итраконазол, кетоконазол* и вориконазол*; антибиотики-макролиды, например кларитромицин* и эритромицин*; ингибиторы протеазы ВИЧ, например ампренавир, атазанавир, фосампренавир, индинавир, нелфинавир, ритонавир и саквинавир; антагонисты кальция, такие, как дилтиазем и верапамил; амиодарон*; апрепитант; телитромицин, нефазодон. (Препараты, помеченные звездочкой, кроме того, удлиняют интервал QTc).

В ряде исследований фармакокинетических и фармакодинамических взаимодействий домперидона с пероральным кетоконазолом и пероральным эритромицином у здоровых добровольцев было показано, что эти препараты значительно ингибируют первичный метаболизм домперидона, осуществляемый изоферментом CYP3A4.
При одновременном приеме 10 мг домперидона 4 раза в сутки и 200 мг кетоконазола 2 раза в сутки отмечалось удлинение интервала QTc в среднем на 9.8 мс в течение всего периода наблюдения, в отдельные моменты изменения варьировали от 1.2 до 17.5 мс. При одновременном приеме 10 мг домперидона 4 раза в сутки и 500 мг эритромицина 3 раза в сутки отмечалось удлинение интервала QTc в среднем на 9.9 мс в течение всего периода наблюдения, в отдельные моменты изменения варьировали от 1.6 до 14.3 мс. В каждом из этих исследований Cmax и AUC домперидона были увеличены примерно в 3 раза.

В настоящее время не известно, какой вклад в изменение интервала QTc вносят повышенные концентрации домперидона в плазме.

В этих исследованиях монотерапия домперидоном (10 мг 4 раза в сутки) привела к удлинению интервала QTc на 1.6 мс (исследование кетоконазола) и на 2.5 мс (исследование эритромицина), тогда как монотерапия кетоконазолом (200 мг 2 раза в сутки) и монотерапия эритромицином (500 мг 3 раза в сутки) привели к удлинению интервала QTc на 3.8 и 4.9 мс соответственно в течение всего периода наблюдения.

В другом исследовании с применением многократных доз у здоровых добровольцев, не было обнаружено значимого удлинения интервала QTc во время стационарной монотерапии домперидоном (40 мг 4 раза в сутки, общая суточная доза 160 мг, что в 2 раза превышает рекомендуемую максимальную суточную дозу). При этом концентрации домперидона в плазме были сходны с таковыми в исследованиях взаимодействия домперидона с другими препаратами.

При одновременном назначении с фенотиазином могут развиться экстрапирамидные симптомы.

Одновременный прием с бромокриптином может повлечь за собой гиперпролактинемию.

Применение Интанорма на фоне приема парацетамола или подобранной терапии дигоксином не влияло на уровень этих препаратов в крови. Интанорм может также сочетаться с нейролептиками, действие которых он не усиливает; агонистами дофаминэргических рецепторов (бромокриптином, L-допой), нежелательные периферические эффекты которых, такие как нарушения пищеварения, тошнота, рвота, он подавляет, не нейтрализуя их основные свойства.
Апиынды анальгетиктер және антихолинергиялық препараттармен бір мезгілде қолданғанда Интанормның әсерін төмендетуі мүмкін.

Интанормды антацидтік және антисекреторлық препараттармен бір мезгілде қолданғанда домперидонның биожетімділігі төмендейді.

Домперидонның метаболикалық өзгеруінің негізгі жолы CYP3A4 арқылы жүреді. in vitro зерттеулері негізінде Интанормды осы ферментті айтарлықтай тежейтін дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасында домперидонның деңгейінің жоғарылауы мүмкіндігін болжамдауға болады.

CYP3A4 күшті тежегіштеріне флуконазол*, итраконазол, кетоконазол* және вориконазол* секілді азольді зеңге қарсы препараттар; макролидті- антибиотиктер, мысалы кларитромицин* және эритромицин*; АИВ протеазалары тежегіштері, мысалы ампренавир, атазанавир, фосампренавир, индинавир, нелфинавир, ритонавир мен саквинавир; дилтиазем мен верапамил; амиодарон*; апрепитант; телитромицин, нефазодон секілді кальций антагонистері жатады. (Препараттар, жұлдызшамен белгіленген, одан басқа QTc аралығын ұзартады).

Дені сау еріктілерде көрсетілгендей домперидонның ішке қабылданатын кетоконазолмен және ішке қабылданатын эритромицинмен фармакокинетикалық және фармакодинамикалық өзара әрекеттесуінің бір қатар зерттеулерінде көрсетілгендей, бұл препараттар CYP3A4 изоферментімен іске асырылатын домперидонның алғашқы метаболизмін айтарлықтай тежейді.

10 мг домперидонды тәулігіне 4 рет және 200 мг кетоконазолды тәулігіне 2 рет бір мезгілде қабылдағанда бақылаудың барлық кезеңі бойы QTc аралығының орташа 9.8 мс ұзаруы байқалған, кейбір кезде өзгерістер 1.2-ден 17.5 мс дейін ауытқып отырды. 10 мг домперидонды тәулігіне 4 рет және 500 мг эритромицинді тәулігіне 3 рет бір мезгілде қабылдағанда бақылаудың барлық кезеңі бойы QTc аралығының орташа 9.9 мс ұзаруы байқалған, кейбір кезде өзгерістер 1.6-дан 14.3 мс дейін ауытқып отырды. Осы зерттеулердің әрқайсысында домперидонның Cmax және AUC шамамен 3 есе артқан.

Қазіргі кезде домперидонның плазмадағы жоғары концентрациясының QTc аралығының өзгеруіне қандай үлес қосатыны белгісіз.

Осы зерттеулерде домперидонмен монотерапия (10 мг тәулігіне 4 рет) QTc аралығының 1.6 мс (кетоконазолды зерттеу) және 2.5 мс (эритромицинді зерттеу) ұзаруына әкелді, кетоконазолмен монотерапия (тәулігіне 2 рет 200 мг) және эритромицинмен монотерапия (тәулігіне 3 рет 500 мг) барлық бақылау кезеңі бойы QTc аралығының сәйкесінше 3.8 және 4.9 мс ұзаруына әкелді.

Дені сау еріктілердегі бірнеше реттік дозаларын қолданумен басқа зерттеулерде, домперидонмен стационарлық монотерапия кезінде (40 мг тәулігіне 4 рет, жалпы тәуліктік дозасы 160 мг, ол ұсынылған ең жоғары тәуліктік дозасынан 2 есе жоғары) QTc аралығының айтарлықтай ұзаруы анықталған жоқ. Бұл кезде домперидонның плазмадағы концентрациясы домперидонның басқа препараттармен өзара әрекетесуін зерттеулермен ұқсас болды.

Фенотиазинмен бірмезгілде тағайындағанда экстрапирамидалық симптомдар дамуы мүмкін.

Бромокриптинмен бірмезгілде қабылдау гиперпролактинемияға әкелуі мүмкін.

Интанормды парацетамолды қабылдау аясында немесе дигоксинмен емдеумен қолдану осы препараттардың қандағы деңгейіне әсер етпеді.

Интанормды нейролептиктермен де үйлестіруге болады, ол олардың әсерін күшейтпейді; дофаминэргиялық рецепторлардың агонистерімен (бромокриптинмен, L-допамен), асқорыту бұзылулары, жүрек айнуы, құсу сияқты жағымсыз шеткергі әсерлерін олардың негізгі қасиеттерін байтараптандырмай-ақ бәсеңдетеді.

Передозировка интанормом в суспензии

Симптомы: сонливость, дезориентация, экстрапирамидные расстройства, особенно у детей.

Лечение: специфического антидота домперидона не существует, рекомендуется промывание желудка и прием активированного угля; при экстрапирамидных нарушениях - антихолинергические препараты, противопаркинсонические или антигистаминные препараты.
Симптомдары: ұйқышылдық, бағдарсыздық, экстрапирамидалық бұзылыстар, әсіресе балаларда.

Емі: домперидонның арнайы у қайтарғысы жоқ, асқазанды шаю және белсендірілген көмірді қабылдау ұсынылады; экстрапирамидалық бұзылыстарда - антихолинергиялық препараттар, паркинсонға қарсы немесе антигистаминдік препараттар.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Всасывание
Домперидон быстро абсорбируется из желудочно-кишечного тракта (ЖКТ) при приеме внутрь натощак. Максимальная концентрация (Cmax) в плазме крови достигается в течение 30 мин – 60 мин после приема. Низкая абсолютная биодоступность домперидона при приеме внутрь (приблизительно 15%) обусловлена экстенсивным первичным метаболизмом в стенке кишечника и печени.

Биодоступность домперидона увеличивается при приеме после еды, но больные патологией ЖКТ следует принимать домперидон за 15-30 мин до еды. Гипоацидность желудочного сока снижает абсорбцию домперидона.

При приеме препарата после еды для достижения Cmax требуется больше времени, а площадь под фармакокинетической кривой «концентрация/время» (AUC) несколько увеличивается.

Распределение
При приеме после еды домперидон не кумулирует и не индуцирует собственный метаболизм. Сmax равняется 18нг/мл после однократного приема и 21 нг/мл при ежедневном приеме препарата по 30 мг в день в течение 2-х недель.

Домперидон на 91-93% связывается с белками плазмы крови. Концентрации домперидона в грудном молоке кормящих женщин в 4 раза ниже, чем соответствующие концентрации в плазме крови.

Метаболизм
Домперидон метаболизируется в печени путем гидроксилирования и N-дезалкилирования. CYP3A4 является основным изоферментом системы цитохрома P450, участвующим в процессе N-дезалкилирования домперидона, тогда как CYP3A4, CYP1A2 и CYP2Е1 участвуют в процессе ароматического гидроксилирования домперидона.

Выведение
Выведение с мочой и калом составляет 31% и 66% от пероральной дозы соответственно. Выводится в неизмененном виде с калом - 10% и с мочой - приблизительно 1%. Период полувыведения (T1/2) из плазмы крови после приема разовой дозы составляет 7-9ч.

Фармакокинетика в особых клинических случаях
У больных с почечной недостаточностью тяжелой степени T1/2 домперидона увеличивается.
Сіңуі
Домперидон ашқарынға ішу арқылы қабылдағанда асқазан-ішек жолдарынан (АІЖ) тез сіңіріледі. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына (Cmax) қабылдағаннан кейін 30 - 60 минут ішінде жетеді.

Домперидонның ішу арқылы қабылдағанда төмен абсолюттік био- жетімділігіне (шамамен 15%) ішек қабырғасы мен бауырдағы бастапқы экстенсивті метаболизмі түрткі болады.

Домперидонның биожетімділігі тамақтан кейін қабылдағанда артады, бірақ АІЖ патологиясымен науқастарға домперидонды асқа дейін 15-30 минут бұрын қабылдау керек. Асқазан сөлінің гипоацидтілігі домперидонның сіңірілуін төмендетеді

Препаратты тамақтан кейін қабылдағанда Cmax жету үшін ұзақ уақыт керек, ал «концентрация-уақыт» (AUC) фармакокинетикалық қисығы астындағы ауданы аздап ұлғаяды.

Таралуы
Тамақтан кейін қабылдағанда домперидон жинақталмайды және өзінің метаболизмін индукцияламайды. Бір рет қабылдағаннан кейін Сmax 18нг/мл жетеді және препаратты 2 апта ішінде күніне 30 мг-ден күнделікті қабылдағанда 21 нг/мл.

Домперидон қан плазмасы ақуыздарымен 91-93%-ға байланысады. Домперидонның бала емізетін аналардың емшек сүтіндегі концентрациялары қан плазмасындағы сәйкесінше концентрацияларына қарағанда 4 есе төмен.

Метаболизмі
Домперидон бауырда гидроксилдену және N-дезалкилдену жолымен метаболизденеді.

CYP3A4 домперидонның N-дезалкилдену үдерісіне қатысатын P450 цитохром жүйесінің негізгі изоферменті болып табылады, ал CYP3A4, CYP1A2 мен CYP2Е1 домперидонның хош иісті гидроксилденуі үдерісіне қатысады.

Шығарылуы
Несеппен және нәжіспен шығарылуы ішу арқылы қабылданған дозасының сәйкесінше 31 және 66%-ын құрайды. Өзгеріссіз күйде 10% - нәжіспен және шамамен 1% - несеппен шығарылады. Бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) 7-9 сағатты құрайды.

Айрықша клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы
Бүйректің ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар науқастарда домперидонның T1/2 жоғарылайды.

Фармакодинамика

Интанорм - является антагонистом дофамина, обладает противорвотным действием, стимулятор моторики желудочно-кишечного тракта ЖКТ. Домперидон плохо проникает через гемато-энцефалический барьер ГЭБ. Противорвотное действие, возможно, обусловлено сочетанием периферического (гастрокинетического) действия и антагонизма к рецепторам допамина в триггерной зоне хеморецепторов.

Домперидон повышает эвакуаторную и двигательную активность желудка и повышает тонус сфинктера нижнего отдела пищевода.

Домперидон не оказывает влияния на желудочную секрецию. Применение домперидона редко сопровождается экстрапирамидными побочными эффектами, особенно у взрослых, но домперидон стимулирует выделение пролактина из гипофиза.
Интанорм - дофаминнің антагонисі болып табылады, құсуға қарсы әсер көрсетеді, асқазан-ішек жолының АІЖ моторикасының көтермелегіші. Домперидон гематоэнцефалдық бөгет ГЭБ арқылы нашар өтеді. Құсуға қарсы әсері, мүмкін, шеткергі (гастрокинетикалық) әсерінің және хеморецепторлардың триггерлі аймағында допамин рецепторларына антагонизмінің бірігуімен байланысты.

Домперидон асқазанның эвакуаторлық және қимыл белсенділігін жоғарылатады және өңештің төменгі бөлігі сфинктерінің тонусын жоғарылатады.

Домперидон асқазан сөлінісіне әсер етпейді. Домперидонды қолдану сирек жағдайларда әсіресе ересектерде экстрапирамидалық жағымсыз әсерлермен қатар жүреді, бірақ домперидон гипофизден пролактиннің бөлінуін көтермелейді.

Упаковка и форма выпуска

По 30 мл суспензии в пластиковую бутылку янтарного цвета, укупоренную завинчивающейся алюминиевой крышкой с контролем первого вскрытия с капающим устройством. По 1 флакону вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в пачку из картона.
30 мл суспензиядан тамызғыш құрылғысымен алғашқы ашылуы бақыланатын бұралатын алюминий қақпақпен жабылған янтар түстес пластик бутылкада. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.